"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының  №10 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Общеобразовательная  школа №10 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Маусым

03.06.2021

Қымбатты балдырғандар, жас достар!
1 маусым — сіздер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңіздің еншілеріңізге тиген төл мейрамдарыңыз болып есептеледі. Ендеше жадыраған жаздың алғашқы күнімен келетін тамаша мереке — Халықаралық балаларды қорғау күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Денсаулығы мықты, білімді, жан-жақты дамыған, шығармашыл,  еліміздің тұғырын биік ұстайтын, болашағынан үлкен үміт күттірер азаматтар болып өсіңіздер.
Ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ  және жазғы демалыстарыңызда жаңа  күш-қуат жинап, есте қаларлықтай қызықты да көңілді өткізулеріңізге тілектеспін.
Сүйікті Отанымыздың мақтанышы болып, жолдарың ашық, келешектерің жарқын болсын!

Мектеп директоры Жусупбекова Жанар Кайратовна

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст