2020-2021 оқу жылына арналған «№ 10 орта мектеп» КММ
оқытушылардың санаттар бойынша сапалы құрамы
Педагогикалық кадрларды аттестаттау білім беру үдерісін басқаруда маңызды рөл атқарады, өйткені бұл мектеп қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, педагогикалық кәсібилігі және еңбек өнімділігі бойынша кешенді бағалау.
Мақсаты: олардың кәсіби құзыреттілік деңгейіне сәйкестігін анықтау және оқытушылар құрамының біліктілік санатын жақсарту үшін жағдай жасау.
2020 - 2021 оқу жылы оқытушылардың аттестаттау
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы негізінде өткізілді
Ағымдағы оқу жылына арналған оқытушылардың аттестаттау кестесіне сәйкес 3 оқытушыға: Сарсенова Г.З., Жумабаева Г.Б., Шарипова Д.В., «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зулкишева Л. М. «педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілді.
Біліктілік санаты бар оқытушылар құрамының жалпы саны:
Оқытушылардың барлығы-45
«Педагог-зерттеуші» -4
«Педагог-сарапшы» -20
«Педагог-модератор» -8
Бірінші санатты мұғалімдер-3
Екінші санатты мұғалімдер-4
Санатсыз оқытушылар -6
Сапалық құрамы -60%.