«Үздік педагог -2020» мектепішілік сайысы
20 сәуірде мектепте дәстүрлі «Үздік педагог- 2020» мектепішілік сайысы өтті.
Іс-шара шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау және қолдау, жағымды педагогикалық тәжірибені енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру және «Үздік мұғалім» қалалық байқауына қатысуға дайындық мақсатында өткізілді.
Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырды:
1. электронды тасымалдағыштағы (CD) бейне сабағы - 20 минутқа дейін;
2. мұғалімнің портфолиосы;
3. «Менің жүрегімнің мектебі» бейнефильмі;
4. «Мұғалім қандай болу керек» эссе.
Байқау нәтижесінде «Жылдың үздік мұғалімі - 2020» атағы бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Гулим Амангельдиновнаға берілді (78 б.)
Бірінші дәрежелі дипломмен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мукушева Гульмира Байкеновна марапатталды. (77 б.)
Екінші дәрежелі дипломды бастауыш сынып мұғалімі Сандибекова Мира Табынбайқызы (74 б.) және тарих пәнінің мұғалімі Сарсенова Гүлзира Зарлыханқызы алды. (74 б.) Үшінші дәрежелі дипломның иегері ағылшын тілі мұғалімі Сеитова Айзат Нурлановна болды.
Жеңімпаз ұстазымызға қалалық «Үздік педагог» байқауына қатысуына қолдау жасап, сәттілік тілейміз .