«№10 орта білім беретін» КММ – де 2024 жылдың 12 қыркүйегінде 16.20-да 2024-2025 оқу жылының Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес "Өрт туындаған кезде басшы, оқытушы құрамның, техникалық персонал мен оқушылардың іс-әрекеттері" эвакуациялық оқу жаттығулар өткізілді.
Оқу жаттығуларының мақсаты:
Жалпы-ТЖ туындаған кезде және АҚ сигналдары бойынша оқу орнының іс-шараларды орындауға дайындығын тексеру.
Басшы, оқытушы құрам үшін-ТЖ кезінде іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде практикалық дағдыларды игеру.
Оқушылар үшін-өрт туындаған кезде сауатты әрекет ету және дұрыс мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Жаттығу аяқталғаннан кейін мектеп директоры басшылық құрамды, оның орынбасарларын тыңдап, жаттығуды қорытындылады, жаттығуға қатысқан барлық жеке құрамның іс-әрекеттеріне талдау жүргізді, жіберілген қателіктерді атап өтті.