Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің “Көкшетау қаласында экскурсиялық қызметке және гид дайындауға бағытталған волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында “Ақмола облысы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” ҚБ мектеп оқушылары, волонтелердің, мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен “Көкшетау қаласының экологиялық дамуы және эко-волонтерлік” тақырыбында эко-сағат өткізілді.
Эко-сағатқа “Kazakhstan Innovations” ҚҚ Төрайымы Абишева Мариям Сериковна, Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Кукумбаев Магзум Асхатович, “Birgemiz: Taza alem” жалпыұлттық жобасының координаторы Турдалиева Акнур Нурталапқызы, “Болашақ Сарайы”ның экология саласының әдіскері, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Жунусова Назгуль Амангельдиновна және өзінің экологиялық жобасы жайында Жас Ұлан, жастар ұйымының біріккен балаларының жетекшісі, мектептен тыс жұмыс орталығы "Әулет" Есильбаева Риза қатысты.