"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының  №10 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Общеобразовательная  школа №10 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру» семинары


2021 жылы 17 ақпанында мектебімізде « Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
 Семинарға Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Сәуле Байкешқызы Журунтаева, сондай-ақ Ақмола облысындағы серіктес және жетекші мектептердің 38 мұғалімдері қатысты.
Семинар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қалыптастырушы бағалаудың мазмұнымен және практикасымен таныстыру мақсатында өткізілді.
Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уалиева Ш.Х., «Орыс тілі сабағында формативті бағалау» атты баяндама жасады, оқытушылар Шенгельбаева К.А., Ким Г.К. және Тасжанова К.Т. ашық сабақтар өткізді: «М.Мақатаев « Аққулар ұйықтағанда » поэмасы, « Үйсіңдер туралы жазба деректер », « Ондық бөлшекті натурал санға бөлу »
Семинар нәтижесінде мұғалімдер пікірталас өткізіп, нәтижелерін шығарды, сонымен қатар әрі қарай жұмыстарға әдістемелік ұсыныстар берілді.
Мектеп әкімшілігі мен  Педагогикалық шеберлік орталығының   жаттықтырушысы семинар өткізгені үшін мұғалімдерге алғысын білдіріп, семинардың практикалық тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

Жаңартылған күні: 18.02.2021 12:54
Құрылған күні: 18.02.2021 12:54

Текст