Көкшетау қаласының мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпарат
Оқу жылы бойы Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарында кәсіби өзін-өзі айқындауға саналы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 7,8,9,10,11 сынып оқушыларымен тұрақты негізде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізіледі.
7-11 сынып оқушыларының жалпы контингенті 8490 оқушы, оның ішінде 7 - сынып-2396, 8 - сынып-2099, 9 - сынып-2041, 10 - сынып-986, 11-сынып-968 оқушыны құрайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы білім беру ұйымдарында 3 кезеңге бөлінеді, олардың мақсаты:
1. 7 сыныптардың оқушылары үшін: оқушылардың бойында танымдық тәжірибе мен кәсіби қызметке деген қызығушылықты игерудегі тұлғалық мәнін дамыту; жеке мүдделері мен мүмкіндіктері туралы түсінігін дамыту («Мен» бейнесін қалыптастыру); әлеуметтік-кәсіптік практиканың әртүрлі салаларында: техника, өнер, медицина, ауыл шаруашылығы, экономика және мәдениет бастапқы тәжірибені жинақтау. Бұған оқушылардың жеке мүмкіндіктерін адамға қойылатын кәсіби қызмет талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін сынамаларды орындауы ықпал етеді. Сонымен қатар, оқу жұмыс бағдарламасы ерте бейіндеуге бағытталған.
2. 8-9 сыныптардың оқушылары үшін: факультативтік сабақтар кезінде білім беру сұранысын нақтылау; мақсатты топтық және жеке кеңес беру. Оқыту бейінін таңдау туралы тиісті шешім қабылдауды анықтау және қалыптастыру; мүдделер мен қабілеттерге, құндылық бағдарларға сәйкес келетін білім беру сұранымын қалыптастыру.
3. 10-11 сыныптардың оқушылары үшін: өзін-өзі даярлау және өзін-өзі дамыту бойынша іс-қимылдарға үйрету, таңдалған еңбек түрінде кәсіби қасиеттерді қалыптастыру, кәсіби жоспарларды түзету, таңдаған қызметке дайындығын бағалау.
Оқытудың барлық деңгейлерінде кәсіптік бағдар беру жұмысы білім беру ұйымының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Әр түрлі іс-шаралар жоспарланған: сынып сағаттары, презентациялар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әр түрлі мамандықтар өкілдерімен диалогтық алаңдар, өндірістік базалар мен алаңдарға экскурсиялар, колледждер мен ЖОО өкілдерімен кездесу.
Сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығы үшін ата-аналар жиналысы шеңберінде әңгімелесулер өткізіледі және презентациялар ұйымдастырылады. Ата-аналарға әрбір бала бойынша оның кәсіби бағдарлануы және қандай да бір мамандыққа бейімділігі туралы жеке ақпарат беріледі.
Мектеп оқушыларының кәсіби бағдары мектептің педагог-психологының сауалнамасы мен сұрауы арқылы, сондай-ақ Proftest.kz,Kasiptest.kz сияқты онлайн тестілер арқылы анықталады.
Еңбек өнімділігін арттыру және жұмыссыздардың және өнімсіз еңбекпен қамтылған тұлғалардың санын азайту мақсатында Көкшетау қаласының білім бөлімі халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысшы мамандықтарына талапкерлерді қабылдау жүргізіледі.
Қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру кабинеттері құрылып, бұрыштар мен стендтер безендірілді.
Аталған жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі және білім бөлімінің бақылауында.