"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының  №10 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Общеобразовательная  школа №10 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-шы сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша ақпарат

«№10 орта мектебі»КММ   9-шы  сынып оқушыларымен 

кәсіптік  бағдар беру   бойынша  ақпарат

 

2019- 2020  оқу  жылында  9-шы  сыныпта   47 оқушы  оқиды.

 

Мектепте оқу жылы бойы кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қабырға  газеті  рәсімделді. Қабырға  газеті  үнемі жаңартылады. Мектепте өткізілетін кәсіптік бағдар шаралары туралы материалдар мен фотосуреттер №10 орта мектеп сайтының беттерінде, сондай-ақ инстаграмма беттерінде орналастырылады.

- 9-шы сынып жетекшілері Г. Б. Жумабаева, Г. К. Ким, О. А. Таштемирова кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша жүйелі түрде іс-шаралар өткізеді, олардың ішінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары,кездесулер «Болашақта мамандыққа  деген қызығушылыққа тәрбиелеу, «Болашақта "мамандық таңдау", "Заманауи мамандықтар әлемі", - "Оқуға қайда баруға болады?» атты  тақырыпта  жұмыс  жүргізіледі.

- Қазан айында дәстүрлі "өзін – өзі басқару күні" атты рольдік ойын өткізілді, оның барысында 8-9-10 сынып оқушылары мұғалім, мектеп директоры, директордың орынбасары рөлінде болуға мүмкіндік алды, ал біреуі  мамандық таңдауын анықтады.

- 9 сынып оқушыларының кәсіби бағдарына диагностика жүргізілді. Педагог-психологтың  Диагностика нәтижелері бойынша оқушылармен және ата-аналармен жеке кеңестер өткізіп, ата-аналар жиналысында сөз сөйленді.

 

- 4 тоқсанда Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты кәсіптік бағдар беру жұмысы онлайн режимінде жүргізіледі. Оқушылар мен ата-аналар жоғарыда аталған оқу орындары тарататын ақпаратты алады, колледждер мен ЖОО сайттарына барады , қызықтырған сұрақтар қояды.

 

Жаңартылған күні: 20.05.2020 21:01
Құрылған күні: 20.05.2020 21:01

Текст