Текст
Көкшетау қаласы №10 ЖОББ мектебінің «Даналық мектебі» аналар мен әжелер кеңесімен бірлесіп «Қарттар күні» мерекесі аясында 0 «Ә», 1 «Ә», 2 «Ә» оқушыларымен бірге тағылымды іс-шара өткізілді.
Бұл күні әжелер мен немерелер бас қосып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың маңызын айқындады. Іс-шара барысында: Әжелер өмірлік тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Қолөнер түрлері көрсетілді. Балалар ән айтып, өлең оқып, әжелерін қуантты. Әжелер немерелеріне ақ батасын берді. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың үлкенге құрметін арттырып, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге жол ашады.
ДТІЖО:Кобжасарова Б.К.