Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Халықаралық кітап күнінің 23 сәуір күні тойлануына себеп болған, көптеген белгілі жазушылар (М.Сервантес, В.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон және тағы басқалар) бұл күні дүниеге келіп, дәл осы күні дүниеден озған.
Мереке Халықаралық кітап баспа қауымдастығының қолдауымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды.
"Балалар кiтап апталығы" жоспары бойынша 4 сынып окушыларымен "Жауапты тап" атты ойын - сұрақ өтті. Оқушылар үш топқа бөлінді "Тапқырлар", " Бiлгiштер" және "Алғырлар" Ойын төрт кезенен тұрады: 1. Сұрақ - жауап, 2. Мақал - мәтел, 3.Логикалық сұрақтар. 4.Жұмбақтар шешу.
Оқушылар кезендерден өтіп қойылған сұрақтарға жауап беруі керек 1 сұрақ - 1 ұпай яғни 1 жетон. Оқушылар қойылған тапсырмаларды орындап белсенді қатысты.