«Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты орыс сыныптарында оқитын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән апталығының есебі
Көкшетау қаласы «№10 орта мектебі» КММ «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты орыс сыныптарында оқитын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән апталығы 11 қараша мен 15 қараша аралығында өтті.
Жоспар бойынша «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты апталықтың ашылуына байланысты салтанатты саптүзеу қарашаның 11 жұлдызында өткізілді. Салтанатты саптүзеуде оқушылар қазақ тіліне байланысты өлеңдер оқып, тілге байланысты қанатты сөздерді жатқа айтты. Апталықтың жоспарымен МӘБ жетекшісі Шенгельбаева К.А. таныстырып, апталықта белсенділік танытуларын сұрады.
Қарашаның 12 күні 8 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мукушева Гульмира Байкеновна «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты интеллектуалдық сайыс өткізді. Оқушылар топ-топ болып қатысты. Интеллектуалдық сайыс қызықты өтті.
«Өссе тілім, мен де бірге өсемін» зияткерлік сайысты 5Б сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Шаяхметова Н.К. мен Зулкишева Л.М. өткізсе,
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Шаяхметова Нурзия Калымсеитовна мен Султанова Алмагуль Гасмановна 7Б сыныбы оқушыларымен «Жүйрік болсаң, шауып көр» мақал-мәтелдер сайысын көрсетті. Мақал-мәтелдер өте тартымды өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдерге ғана емес, оқушыларға да қатты ұнады.
«Ұлы даланың мұрагерлері» дөңгелек үстелді 10 сыныпоқушыларымен Мукушева Г.Б. қарашаның 14 жұлдызында өткізді.
Шенгельбаева Калима Айтмукановна «Қызықты қазақ тілі әлемі» интеллектуалдық сайысты 9Б сыныбы оқушылары арасында өткізді. Оқушыларға сайыс ұнады. Алайда оқушылардың барлығы белсенділік көрсете алмады. Өйткені кейбір сұрақтар оқушылар үшін қиындықтар туғызды.
«Жер жәннаты –Көкшетау» айдарымен 5 -10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері 16 қарашада өткізді. Оқушыларды Көкшетаудың әсем табиғатына аралған шығармалармен таныстыра отырып, соның ішінен іріктеп алынған шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан сайыс өткізді.
Қарашаның 18 күні «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты апталықтың жабылуына байланысты салтанатты саптүзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде оқушыларға мадақтау қағаздары тапсырылды.