Текст
АКМОЛА ОБЛЫСЫ
КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫ
№10 жалпы орта білім беретін мектебі
Куанышев T.С.
Еңбек күні қарсаңындағы қызықты экскурсия
Еңбек күні мерекесі қарсаңында 9-сынып оқушылары Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжіне барып, ерекше әсерге бөленді.
Экскурсия барысында балаларға қауіпсіздік негіздері, құтқару ісі мен өрт сөндіру мамандықтары жайлы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқушылар арнайы оқу құрал-жабдықтарымен танысып, болашақ мамандардың қалай дайындалатынын тамашалады. Әсіресе тәжірибелік көрсетілімдер олардың зор қызығушылығын оятты.
Бұл танымдық сапар оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырып қана қоймай, еңбекке деген құрметті арттырып, болашақ мамандық таңдауға да ой салды.