"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының  №10 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Общеобразовательная  школа №10 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ. АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

21.01.2025

№10 ЖОББ мектебінде 2024 - 2025 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпымектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата - аналар жиналысында 1-4 сынып оқушыларының ІІ тоқсанының білім сапасының қорытындысымен директордың ОІ жөніндегі орынбасары Шарипова Г.А. таныстырды. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Кобжасарова Б.К. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепте өткізілген іс-шаралар мен жобалар жайлы ақпаратпен таныстырды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының бүгінгі күні өзекті болып отырған «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша мектеп инспекторы Нысанбай Е.Б.сөз алып, өз баяндамасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтып өтті. Мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы және жоғары сынып оқушыларының беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі жөнінде ата-аналар ескертілді.
Жиналыс соңында , күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың қауіпсіздігін қамту жұмыстары ата - ана тарапынан күшейтілуі жөнінде шешім шығарылды.

  

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст