«Мәнерлеп сырғанау – командалық рух, тәртіп пен сыйластық».
Суық қысқы күндері жоғары дене белсенділігіне қол жеткізу және суық тиюден аулақ болу оңай емес, өйткені қозғалу жетіспеушілігі ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің қызметін төмендетеді. Осы мәселелерді шешу үшін ең жақсы құралдардың бірі, сондай– ақ оқушылардың ең сүйікті қысқы ойын-сауық ойындарының бірі- конькимен сырғанау.
Мәнерлеп сырғанау - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін спорт түрі. Конькимен сырғанау жеңілдікті, ептілікті және қозғалыстарды үйлестіруді дамытады. Бұл спорт түрімен шұғылданған адам өте жеңіл жүреді. Және өзін-өзі ептілікке, тәртіпке үйретеді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, өзара сыйластық пен тәртіпті ұстануға бағытталған 5-8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс ұйымдастырылды.
Жауапты: Искаков Марат Жанибекович.