Орта білім туралы құжаттың телнұсқасын беру
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі негізгі орта және жалпы орта білім негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттардың телнұсқаларын беруге негіз болып табылады:
• Құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген кәмелетке толмаған оқушының немесе ата-анасының (заңды өкілінің) мән-жайларды анықтайтын өтініші білім беру ұйымы басшысының атына жолданады;
• Оқушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорт) (сәйкестендіру үшін қажет).;
• Білім туралы құжаттың бұзылған кезде және (немесе) тегі (аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру.